Мектебімізде қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Қазақ КСР-нан ғылым қайраткері Мұхтар Әуезовтің туғанына 125 жыл толу құрметіне арналған "Әлем таныған Әуезов" атты біріңғай күн өткізілді.
Бірыңғай күн аясында мектеп кітапханашысы Н.Мұсатфина 6-8 сынып оқушыларына "Әуезов аудиториясы " атты кітап көрмесі өтті. Көрме барысында М.Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы таныстырылып, бала Абайдың заманы мен қоршаған ортасы, сол дәуірдегі қазақ өмірі, дүниетаным турасында ой өрбітті.


